Павлодарда оқушылар белгісіз дәріден уланып қалған

Павлодарда оқушылар белгісіз дәріден уланып қалған. Оқиға 12 қазанда болған, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Білім басқармасының мәліметінше, оқу кабинетінде өткір иісі бар таблеткалар анықталған.

«Сабақтан кейін алты оқушы өзін жайсыз сезіне бастады. Тексеру нәтижесі бойынша олардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды», — дейді басқарма.

Мектеп әкімшілігі ішкі тексеру жүргізген. Оның қорытындысы бойынша жауапты қызметкерлерге қатысты тәртіптік шара қолданылды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, ауруханаға жағымсыз иістен уланды деген күдікпен үш бала жеткізілді. Олар амбулаториялық емге жіберілді.

Ұқсас ақпараттар