Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев балаларға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыстар үшін жазаны қатаңдатуды көздейтін заңға қол қойды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Жаңа заңға сәйкес, 14 жасқа толмаған балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық жасағандарға 25 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
Сонымен қатар мұндай қылмыстар бойынша ескіру мерзімі алынып тасталды. Яғни, қылмыс жасалғаннан кейін қанша уақыт өтсе де, кінәлілерді қылмыстық жауапкершілікке тартуға мүмкіндік беріледі.
Айта кетейік, осыдан бір ай бұрын Өзбекстанның Үшқорған ауданындағы балабақшада бес жастағы бала зорланғаны туралы ақпарат тараған. Бұл іске мекеменің қойма меңгерушісі күдікті ретінде танылып, ұсталған. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалған.


