Түркістан облысында үйдің шатырынан 5 млн теңгеден астам ақша табылды

Қазығұрт ауданында тұрғын үйді жөндеу кезінде шатырдан бірнеше пакет ақша табылды. Жалпы сомасы 5 миллион теңгеден асады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Жергілікті полиция анықтағандай, тұрғындар қарт әйелдің үйін жөндеуге көмектескен кезде ақшаны тауып алған. Үй иесінің айтуынша, ол қаражатты жылдар бойы жинаған.

Қажетті тексеру шаралары аяқталған соң ақша заңды иесіне қайтарылады.

Полиция бөтен біреудің ақшасы немесе мүлкі табылған жағдайда құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды ескертеді.

Ұқсас ақпараттар