Мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау 29 қарашаға белгіленді

Орталық сайлау комиссиясы барлық деңгейдегі Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын 29 қарашаға белгіледі, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

12 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» Жарлыққа қол қойған болатын.

Құжатқа сәйкес, Орталық сайлау комиссиясына кезектен тыс сайлауды тағайындау, оған дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру тапсырылған.

Ұқсас ақпараттар