Атырауда колонияға есірткі жеткізбек болған дрон табылды

Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мен Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері №15 мекемеге дрон арқылы тыйым салынған заттарды жеткізу әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Қонған дронның жанынан өсімдік тектес зат салынған 11 пакет пен насыбай салынған екі пакет табылды.

Оқиға туралы кезекші қызметке хабар берілді. Әрі қарайғы тексеру жұмыстары құзырлы органдарға тапсырылды.

Бұл туралы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады.

Ұқсас ақпараттар