Қазақстандықтар несие алған соң одан 14 күн ішінде бас тарта алады

Бұл ереже 12 қазаннан бастап күшіне енеді. Егер адам несие алып қойып, ойланып қалса, одан екі апта ішінде бас тарта алады. Бұл жағдайда банк айыппұл салмайды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Жаңа ереже үйін, көлігін немесе басқа мүлкін кепілге қоймай алған несиеге қатысты. Алайда ақшаны пайдаланған күндер үшін есептелген пайызды төлеу қажет.

Егер клиент несие рәсімдеген кезде қосымша сақтандыру қызметін де алса, одан да бас тарта алады. Бұл жағдайда сақтандырудың пайдаланылмаған мерзіміне тиесілі ақша қайтарылады. Бірақ банк немесе микроқаржы ұйымы қызмет көрсетуге кеткен нақты шығынын ұстап қалуы мүмкін.

Несие бермес бұрын банк клиентке 14 күн ішінде одан бас тартуға болатынын, қайтарылатын соманы және несие шарттарын түсіндіруге міндетті Оған қоса банк клиентті несие алуға немесе қосымша ақылы қызметтерді рәсімдеуге мәжбүрлей алмайды.

Ұқсас ақпараттар