Көкшетауда мас күйде көлік жүргізген ер адам ұсталды

Көкшетаудағы тұрғын үй кешендерінің бірінің жерасты автотұрағында 32 жастағы мас жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Медициналық куәландыру оның жеңіл дәрежеде мас болғанын растаған. Сондай-ақ ер адамның бұған дейін көлік жүргізу құқығынан айрылғаны анықталды.

Жүргізушінің айтуынша, ішімдік ішкеніне қарамастан, ол таныстарын үйіне жеткізіп, кейін ғашығына қарай жол тартқан. Ер адам әрекетіне өкінетінін айтып, мұндай жағдай енді қайталанбайтынына уәде берген.

Ол мас күйде рөлге отыруын ғашық болғанымен түсіндірген.

Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы 6-бөлігі бойынша хаттама толтырылды.

Ұқсас ақпараттар