Алаяқтар Мақтаарал ауданының 59 жастағы тұрғынына телефон соғып, туыстарына пошта арқылы сыйлық келгенін айтқан, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Кейін оның сеніміне кіріп, телефонына келген кодты сұраған. Осыдан соң әйелдің атына 5 млн теңге несие рәсімдеп, ақшаны өздеріне аудартуға әрекет жасаған. Полиция қызметкері банк терминалының алдында күмәнді қаржылық операция жасап жатқан әйелді байқап, мән-жайды анықтауға кіріскен. Ол әйелге алаяқтардың арбауына түскенін түсіндіріп, қаржылық операцияны тоқтатуға көмектесті.


