Қайрат Нұртастың концертінде тапталған 18 жастағы қыз жансақтау бөлімінде жатыр

Шымкентте Қайрат Нұртастың концертінен кейін ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген 18 жастағы қыздың туысы көпшіліктен көмек сұрап, әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Туысының айтуынша, концерт кезінде жиналған жұрттың арасында қысылыс болып, бойжеткен құлап қалған. Салдарынан ол қалың топтың аяғының астында қалып, ауыр жарақат алған.

“Адамды құлатып, өлім аузына жеткенше таптайтындай қалай сонша қатыгез болуға болады? Менің бауырымды не үшін ұрып, таптадыңыздар? Ол алты сағаттан бері жансақтау бөлімінде, өмір мен өлімнің арасында жатыр. Қазір бізге өте ауыр. Өтінемін, аман қалсын деп дұға етіңіздерші”, – деп жазды қыздың туысы.

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен 18 жастағы қыздың жағдайы ауыр екенін мәлімдеді.

Ұқсас ақпараттар