Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі актер әрі режиссер, Қазақстанның халық артисі Досхан Жолжақсыновты 75 жасқа толған мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Мемлекет басшысының құттықтауын өнер иесіне Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды жеткізді.
Президент құттықтау хатында Досхан Жолжақсыновтың қазақ өнерін дамытуға сіңірген еңбегін ерекше атап өтіп, оның ұлттық мәдениет пен руханиятқа қосқан үлесіне жоғары баға берді.
“Сіз салиқалы ғұмырыңызды ұлт руханиятын ұлықтауға арнап, үздіксіз шығармашылық ізденістеріңіз арқылы зор жетістікке қол жеткіздіңіз. Дәстүр сабақтастығын сақтап, ізбасар шәкірттеріңізді тәрбиелеп келесіз”, – делінген Президент құттықтауында.


