Шымкентте заңсыз онлайн-казино ұйымдастырған екі азамат сотталды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Тергеу мәліметінше, олар құмар ойындарға адам тарту үшін мессенджер арқылы ұсыныстар жіберген. Қатысуға ниет білдіргендерге аккаунт ашылып, логин мен пароль берілген.
Ал ақша қабылдау мен ұтыстарды төлеу үшін 14 дроппердің атына рәсімделген банк шоттарыпайдаланылған. Екі онлайн-платформаның жалпы ақша айналымы 3,1 миллиард теңгеге жеткен.

