Енді қазақстандықтар МӘМС-тегі мәртебесіне қарамастан медициналық көмек ала алады

Елімізде 2027 жылдың қаңтарынан бастап азаматтарға медициналық көмек көрсету тәртібі өзгеруі мүмкін, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Емханаға алғаш рет жүгінген кезде МӘМС жүйесіндегі сақтандырылған мәртебесіне қарамастан, базалық медициналық қызметтерді алу мүмкіндігі қарастырылып отыр.

Қолжетімді қызметтер қатарында қан мен зәр талдауы, ЭКГ, флюорография, пульсоксиметрия және бірқатар УДЗ зерттеулері бар.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі «Ашық НҚА» порталындағы бұйрық жобасында жариялады.

Құжатты қоғамдық талқылау 23 қазанға дейін жалғасады.

Ұқсас ақпараттар