Каспий теңізінде болған қайғылы жағдайдан аман қалған сарбаз Ақжол Темерханның анасы Самал Кеуелова ұлы мен қаза тапқан сарбаз Азаматтың арасындағы достық туралы әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Самал Кеуелованың айтуынша, ауыр жарақат алған Ақжол ауруханаға жеткізілген сәтте де қаза тапқан досының беретін қолынан бір сәтке босатпаған. Ол жедел жәрдем көлігінде де, аурухананың қабылдау бөлімінде де беретті өзінде ұстап отырған.
“Бұл – Азаматтікі. Өзім беремін, бермеймін…” – деп Ақжол досының затын ешкімге бергісі келмеген.
Анасының жазуынша, бұл көрініс медицина қызметкерлерін де бейжай қалдырмаған. Дәрігерлер мен фельдшерлер сол сәтті көзіне жас алып еске түсірген.
“Анализ де ала алмадық. Беретті сипап отырып, бәрімізді жылатты”, – деген медицина қызметкерлері.


