Қазақстан қақтығыс аймағынан отандастарымызды қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, әлеуметтік желілерде бейнеүндеу жариялаған азаматтарға көмектесу үшін қажетті шаралар қабылданып жатыр, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Оларды елге қайтару мәселесі бойынша келіссөздер жүргізілуде.

«Жедел желіге келіп түсетін әр өтініштегі ақпарат мұқият тексеріледі. Тексеру аяқталғаннан кейін қалыптастырылған тізім ресейлік тарапқа жолданатын болады. Министрліктің аталған мәселе бойынша ресейлік тараппен түрлі деңгейдегі жұмысы жалғасуда», – делінген хабарламада.

Ұқсас ақпараттар