Бұған дейін 2 қазан күні таңертең Жамбыл облысындағы Жұма – Тамды теміржол аралығында жүк пойызы 70 қойды қағып кеткені хабарланған болатын. Көлік полициясының мәліметінше, малдың иесі Тараз қаласының 66 жастағы тұрғыны болып шыққан, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Ер адамға теміржолдың бөлінген жолағында мал жаю ережесін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл құқық бұзушылық үшін 5 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған. 2026 жылы бұл сома 21 625 теңгені құрайды.
Айта кетейік, жыл басынан бері Көліктегі полиция департаменті пойыздардың шұғыл тежеуіне қатысты 1166 жағдайды тіркеген. Оның 881-інде пойыз жолына үй жануарларының шығуы себеп болған.

