Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, тергеу барысында Туғанбаев бастаған топтың 90 мыңға жуық азаматтан жалпы сомасы 25 млрд теңге қаражат тартқаны анықталды. Олар салымшыларға ай сайын 30%-ға дейін табыс түсетінін уәде еткен, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Сот үкімімен Туғанбаев 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Тағы үш ұйымдастырушының әрқайсысына 7 жылдан бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Он үш өңірлік жетекші 5 жылға шартты түрде сотталды. Жалпы сомасы 5,6 млрд теңгеге бағаланған бұғатталған активтер жәбірленушілерге келтірілген залалды өтеуге бағытталады. Мүліктің қалған бөлігі мемлекет кірісіне өткізіледі.

