Денсаулық сақтау министрлігі Ресейдің Иркутск облысындағы жағдайды бақылауда ұстап отырғандарын мәлімдеді. Қазақстанда жағдай тұрақты, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Шекарадағы өткізу бекеттерінде санитариялық бақылау жүргізілуде. Дене қызуы жоғары немесе ауру белгілері бар адамдар анықталған жоқ.
Мамандардың айтуынша, инфекцияның Қазақстанға таралу қаупі төмен.
Еске саламыз, Иркутск облысында аса қауіпті инфекция тарап жатыр деген ақпарат тарады. Алайда нақты диагноз әзірге расталған жоқ.

