Әкімдік жаңа тарифті 1 желтоқсаннан бастап енгізуді ұсынып отыр, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Елордада қоғамдық көлікте жол жүру ақысы 2014 жылы 90 теңге болып белгіленген. Содан бері тариф бір-ақ рет өзгерген, қазір – 110 теңге.
Осы уақыт ішінде дизель отынының бағасы 107 теңгеден 329 теңгеге дейін, жүргізушілердің жалақысы 100-150 мыңнан 700 мың теңгеге дейін өскен. Тариф көтерілсе де, әлеуметтік жеңілдіктер сақталады.
Зейнеткерлер, көпбалалы отбасылар, мүгедектігі бар азаматтар және басқа да жеңілдік санаттары тегін қатынайды.
18 жасқа дейінгі балалар үшін де жол жүру тегін.

