Алматы тауларында жоғалған ер адам әлі табылмады

Алматы тауларында жоғалып кеткен 73 жастағы шетелдік туристі іздеу жұмыстары жетінші күн қатарынан жалғасып жатыр, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

ТЖМ мәліметінше, құтқарушыларға таулы аймақтың күрделі жер бедері мен биіктік айырмашылығы кедергі келтіріп отыр. Мамандар шатқалдар мен тау беткейлері сияқты жетуі қиын учаскелерді де тексеріп жатыр.

Іздестіру жұмыстарына ТЖМ мен полиция қызметкерлері және еріктілерден құралған 102 адам, 6 дрон және ТЖМ авиациясы жұмылдырылған.

Шетелдік туристің жоғалғаны туралы ақпарат 29 қыркүйекте түскен. Оның бір күн бұрын топпен «Шымбұлақ» аспалы жолы арқылы тауға көтерілгені белгілі. Кейін ол әріптестеріне қалаға өзі түсетінін айтқан. Алайда қонақүйге оралмаған.

Ұқсас ақпараттар