Тоқаевтың жарлығымен Қорғаныс министрлігіндегі отставкалар жалғасып жатыр

Президенттің жарлықтарымен Қорғаныс министрлігіндегі үш жоғары лауазымды әскери қызметкер қызметінен босатылды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Қаныш Әбубәкіров — Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары әрі Бас штаб бастығы қызметін атқарған;

Алмаз Жұмакиев — Қорғаныс министрінің орынбасары болған;

Қанат Ниязбеков — Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы қызметін атқарған.

Осылайша, кейінгі күндері Қорғаныс министрлігінің жоғары басшылығында бірқатар кадрлық өзгеріс болды.

Ұқсас ақпараттар