Қазақстанда такси мен курьерлердің комиссиясы ашық көрсетілуі мүмкін

Yandex, inDrive, Glovo секілді платформалар енді әр тапсырыстан қанша комиссия ұстайтынын, жүргізушіге қанша ақша қалатынын және салық пен әлеуметтік төлем көлемін алдын ала көрсетуі мүмкін, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Құжат жинау да жеңілдеп, кей мәліметті компаниялар ЖСН арқылы мемлекеттік базадан алады. Ал жүргізушілер зейнетақы жарналары тұрақты аударылса дейді. Бірақ табысы аздар үшін бұл төлемді өз қалтасынан төлеу де оңай емес.

Министрлік жаңа талап қосымша салық жүктемейді, керісінше әлеуметтік төлемдерді реттеп, жүргізушілердің құқығын қорғауға бағытталғанын мәлімдеді.

Ұқсас ақпараттар