Елде маусымдық тұмауға қарсы вакцинация басталды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Тегін егу үшін 2,1 млн доза вакцина сатып алынды. Қазір оның 564 мыңы өңірлерге жеткізілді.
Алдымен екпе медицина қызметкерлері мен қауіп тобындағы азаматтарға салынады. Қалған өңірлерге вакцина 5 қазанға дейін жеткізіледі.
Мамандар вакцинаны қазан айында, сырқаттанудың маусымдық өсуі көбеймей тұрып алуды ұсынады.

