Қазақстан киберқылмысқа қарсы халықаралық ынтымақтастықты күшейтеді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Қазақстан Компьютерлік қылмыстар туралы Будапешт конвенциясына қосылды.
Құжат киберқылмыстарды анықтау мен тергеуде елдер арасындағы ақпарат алмасуды жеделдетуге мүмкіндік береді.
Конвенция аясында қылмыстық қудалау, құқықтық көмек, экстрадиция және бірлескен тергеу әрекеттері сияқты тетіктер қарастырылған.
Бұл трансшекаралық киберқылмыстарды тергеу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

