Балаларға зорлық көрсеткендер өмір бойына сотталады: Өзбекстан парламенті заң жобасын мақұлдады

Өзбекстан парламенті балаларға қарсы қылмыс үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын енгізу туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Депутаттар бірінші оқылымда 14 жасқа толмаған балалардың жыныстық қолсұғылмаушылығына қарсы қылмыс жасағандарға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын қарастыратын заң жобасын қабылдады.

Бұған дейін балаларға қатысты сексуалдық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдату туралы президенттің қызы, президент әкімшілігінің басшысы Саида Мирзиеева пікір білдірген.

Ұқсас ақпараттар