Қазақстанда 14 түрлі жәрдемақыны тағайындау тәртібі өзгереді

Қазақстанда 14 түрлі мемлекеттік жәрдемақы азаматтардың әлеуметтік жағдайы мен мұқтаждық деңгейі ескеріле отырып тағайындалатын болады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жаңа тәртіп Отбасының цифрлық картасында әл-ауқаты жоғары немесе ауқатты деп белгіленген «А» және «В» санатындағы алушыларға қатысты.

Бұл санатқа балалы және көпбалалы отбасыларға, мүгедектігі бар адамдарға күтім жасайтын азаматтарға, сондай-ақ мүгедектікке, асыраушысынан айырылуға байланысты және ардагерлерге берілетін жәрдемақылар кіреді.

Әр төлем бойынша шешім жеке қабылданады. Мысалы, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның қазіргі алып жүрген жәрдемақысы сақталады. Ал кейін пайда болған басқа төлемге құқық азаматтың мұқтаждық деңгейіне қарай анықталады.

Министрлік жаңа тәртіп барлық жәрдемақыға құқық автоматты түрде сақталады дегенді білдірмейтінін атап өтті.

Ұқсас ақпараттар