14 сарбаздың қазасына қатысты ұсталған Данияр Хайрушевтің ата-анасы үндеу жасады

Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде 14 әскери қызметшінің қаза болуына байланысты күдікке ілініп, қамауға алынған Әскери-теңіз күштері қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы Данияр Хайрушевтің ата-анасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Әскери басшының ата-анасы марқұм сарбаздардың отбасына көңіл айтты.

“Сіздердің қайғыларыңызды түсінеміз. Өзіміз де осындай қайғы-қасіретті бастан кшкенбіз. 2 ұлымыздан айрылғанбыз”, — дейді Хайрушевтің анасы.

Олар тергеудің жан-жақты, әділ әрі объективті жүргізілуін сұраған.

Хайрушевтің ата-анасы қайтыс болған әскери қызметшілердің жақындарына көңіл айтып, олардың қайғысына ортақ екенін жеткізді.

Ұқсас ақпараттар