Израиль Ердоғанға қарсы Халықаралық қылмыстық сотқа іс дайындап жатыр

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Түркия президенті Режеп Тайып Ердоганға қарсы Халықаралық қылмыстық сотта (ХҚС) қаралуы мүмкін іс бойынша құқықтық материалдар дайындауды тапсырған, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Телеарнаның мәліметінше, материалдардың негізгі бөлігі Түркиядағы күрд халқының жағдайына қатысты болуы мүмкін. Сонымен қатар Түркия үкіметінің ХАМАС-ты қаржыландырды деген болжам да қарастырылмақ.

Алайда i24NEWS дереккөздері Израиль бұл материалдарды сотқа ресми түрде ұсынбай, оларды дипломатиялық қысым құралы ретінде пайдалануы мүмкін екенін айтады.

Бұл шешім Ердоганның Нетаньяху ісіне қатысты Интерполға жүгіну туралы мәлімдемесінен кейін қабылданған.

Ұқсас ақпараттар