Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына қосымша материалдық көмек көрсету мақсатында бірыңғай оператор ретінде облыс әкімдігі айқындаған ұйым белгіленді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Қорға түсетін барлық қаражат тек қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларын қолдауға бағытталады. Қордың қызметі мен түсетін қаражаттың қозғалысы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының бақылауында болады.
Бүгінде Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек жинады.
Қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына көмек көрсеткісі келетін азаматтар, бизнес өкілдері мен ұйымдар қаражатты қордың ресми реквизиттері арқылы аудара алады.
Қордың ресми реквизиттері:
«Ұлттық рух» қоғамдық бірлестігі
БСН: 090140013447
Банк: «Alatau City Bank» АҚ
БСК: TSESKZKA
ЖСК: KZ03998PTB0000488655
Валюта: KZT

