Каспийдегі қайғылы оқиғаға қатысты Қанат Бозымбаев мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысындағы әскери оқу-жаттығу кезінде болған қайғылы оқиға салдарынан 12 әскери қызметші қаза тапты. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz. 

Оның айтуынша, үш әскери қызметші құтқарылған. Қазір теңізде әлі табылмаған екі әскери қызметшіні іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін Президенттің тапсырмасымен Қанат Бозымбаевтың жетекшілігімен арнайы Үкіметтік комиссия құрылды. Қайғылы жағдайға байланысты құзырлы органдар қылмыстық істер де қозғаған.

«Тергеу барынша мұқият, жан-жақты әрі қысқа мерзімде жүргізіледі. Қайғылы оқиғаға себеп болған әрбір лауазымды тұлға заң алдында ең қатаң түрде жауап береді», – деді Қанат Бозымбаев.

Вице-премьердің сөзінше, мемлекет қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларын қолдаусыз қалдырмайды. Әр отбасыға қомақты материалдық көмек көрсетіліп, қажетті қолдау шаралары қабылданады.

Ұқсас ақпараттар