Қазақстан құрамасы — Азия ойындарының қола жүлдегерлері

ХХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының өкілдері Сергей және Тимофей Емельяновтар байдарка мен каноэде есу спортынан ерлер арасындағы 500 метрге каноэ-екілік жарысында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz. 

Қазақстандық спортшылар финалда мәреге үшінші болып жетті.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық ескекшілер қысқа уақыт аралығында алтын және күміс медаль иеленген еді. Осылайша, Қазақстан құрамасы есу спортынан бірнеше минут ішінде бірден үш жүлдеге қол жеткізді.

Ұқсас ақпараттар