Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты арнайы үкіметтік комиссия жұмысын бастады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Комиссия Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің өкімімен құрылды. Оған Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев төрағалық етеді.
Комиссия құрамына Қорғаныс министрлігінің, Маңғыстау облысы әкімдігінің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Төтенше жағдайлар, Денсаулық сақтау және Көлік министрліктерінің өкілдері, Бас әскери прокурор және Шекара қызметінің өкілдері кірді.
Премьер-министр Олжас Бектенов комиссия төрағасы Қанат Бозымбаевқа оқиға орнына шұғыл барып, әскери қызметшілердің қаза болуына әкелген себептерді жан-жақты анықтауды тапсырды.

