Жамбылда жүк көлігі жүргізушілерінен ақша бопсалағандар ұсталды

Жамбыл облысында шекара бекеті арқылы өтетін ауыр жүк, жолаушылар және жеңіл көлік жүргізушілерінен жүйелі түрде ақша талап етті деген күдікпен қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

23 қыркүйекте ІІМ ҰҚК департаменті мен прокуратура қызметкерлері бірлесіп арнайы операция жүргізді. Нәтижесінде 27 тінту жасалып, суық қару, байланыс құралдары, ірі көлемдегі ақша және бірнеше автокөлік тәркіленді.

Қазір аталған дерек бойынша тергеу жүріп жатыр. Құқық қорғау органдары күдіктілердің нақты рөлін, қылмыстың барлық мән-жайын және басқа да ықтимал эпизодтарды анықтап жатыр.

Ұқсас ақпараттар