Қазақстан мұнай мен газ өндіруге арналған 56 учаскені саудаға шығарды

Энергетика министрлігі көмірсутектерді барлау және өндіру мақсатында 56 жер қойнауы учаскесін электрондық аукционға шығарды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz. 

Сауда-саттық 2026 жылғы 25 желтоқсанда өтеді.

Аукцион e-Qazyna электрондық алаңында ұйымдастырылады, ал өтінімдер 18 қарашаға дейін қабылданады. Ұсынылған учаскелер Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Қостанай және Қызылорда облыстарында орналасқан. Олардың қатарында Бегімбет 1, Батыс Ұлытау, Шолақсай, Басқұмақ, Қарасу, Жасқайрат, Үстірт учаскелері, Қосарал, Майлықөл, Қарақамыс және Қаракөл сияқты нысандар бар. Кейбір учаскелер бойынша барлау және өндіру құқығы берілсе, енді біреулерінде тек өндіру жұмыстарын жүргізуге рұқсат етіледі.

Ұқсас ақпараттар