Жамбыл облысында баланың асқазанынан шаш бумасы алынды

Жамбыл облысында 2,5 жастағы баланың асқазанынан 12 сантиметрлік шаш бумасы алынды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Кішкентай науқасты тексеру кезінде оның асқазанынан көлемі 12 сантиметрге дейін жететін өздігінен түзілген тығыз зат анықталды.

Хирургтер баланың асқазанынан безоарды – шаштан түзілген тығыз түйінді алып тастау үшін күрделі ота жасады.

Дәрігерлер түйінді толығымен алып тастады. Оның ұзындығы шамамен 10-12 сантиметр, ал ені 7-9 сантиметр болды.

Баланың қазір жағдайы жақсы. Ол ауруханадан шығарылды.

Ұқсас ақпараттар