Ол ойынға ресми енгізіліп, «Бернли» клубының ойыншысы ретінде көрсетілген. Оның жалпы рейтингі – 68 балл, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Сәтпаевтың ойындағы басты артықшылығы – жылдамдығы: жылдамдығы – 83, қозғалу көрсеткіші – 85 балл. Ал қорғаныс көрсеткіші – 27 балл.
Алайда ойынның алғашқы кадрлары желі қолданушылары арасында қызу талқыланды. Көпшілік виртуалды Сәтпаевтың сыртқы келбеті футболшыға мүлде ұқсамайтынын айтып жатыр.
Олар: «Сіздіңше бұл Сәтпаев па? Кездейсоқ бір азиялықтың моделін алып, осы өтеді деп ойладыңыздар ма? Қатты көңілім қалды», «Кезінде Салах “Ливерпульге” ауысқанда, оның FIFA 18 ойынында да геймфейсі болмаған. Кейін ол жақсы ойнай бастағанда, маусым ортасында жаңарту арқылы оған геймфейс жасап берді. Сәтпаевтың жағдайы да осындай» деп жазды.


