Құрылыс алаңында қазақстандық азамат қаза тапты, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Бұл ақпаратты Сыртқы істер министрлігі растады. Ведомство мәліметінше, оқиғаға қатысты Корея тарапынан тергеу басталған. Қазақстандық дипломаттар марқұмның жақындарына қажетті көмек көрсетіп жатыр.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, қайғылы жағдай 29 қыркүйекте болды. Ер адам ғимараттың 23-қабатында жұмыс істеген. Сол кезде бетон төбенің бір бөлігі опырылып түскен.