АҚШ-та дәретхана қағазы мен қағаз сүлгілерді өндіруші Kimberly-Clark компаниясы ағаш талшығын шөл өсімдігі геспералоэ жапырақтарына ауыстыруды шешті, деп хабарлайды Sayasatlive.kz The Wall Street Journal (WSJ) басылымына сілтеме жасап.

Жаңа материал өнімді берік әрі жұмсақ етеді, ал өндіріс арзан әрі экологиялық таза болады деп болжанады. Материалда компанияның 20 жыл бойы қағаз өндірісінде ағаштарға балама іздегені түсіндіріледі. Ізденіс барысында ол бидай сабанынан бастап тауық қауырсындары мен балдырларға дейін 70 нұсқаны қарастырған. Зерттеушілер Аризонада тастанды плантацияны тапқаннан кейін геспералоэге таңдау түскен. Өсімдіктер онда ерекше күтімсіз өмір сүре алған. Әдетте бұл өсімдікті Мексика мен Американың оңтүстік-батыс аймақтарында кездестіруге болады.

Компания өз ізденістері мен коммерцияландыру әрекеттерін «ай миссиясы» деп атайды және ұзақ зерттеулерден кейін ағаштан толығымен бас тартып, оны өсімдік жапырақтарымен алмастыруға үміттенеді.