Қайрат Нұртастың Шымкенттегі концертін ұйымдастырған күдікті екі айға үйқамаққа жіберілді. Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Тергеу соты ұйымдастырушыны қамауда ұстауға санкция беруден бас тартып, оған қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын таңдаған.

Прокуратура соттың бұл шешіміне наразылық келтіретінін хабарлады.

Еске салайық, 10 қазанда Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда Қайрат Нұртастың «Сахнада 20 жыл» концерті өткен. Көрермендер арасында қысылып қалған 18 жастағы бойжеткен ауыр жарақат алып, жансақтау бөліміне жеткізілген. Полицияның алдын ала мәліметінше, сатылған билеттер саны концерт алаңының сыйымдылығынан асып кеткен. Осы оқиғадан кейін концерт ұйымдастырушысы ұсталып, тергеу басталған.