Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, Қазақстанда алаяқтық жолмен ресімделген қарыздардың саны 2024 жылғы 8,7 мыңнан 2026 жылы 1,9 мыңға дейін азайған, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Алдағы уақыттағы жұмыс банктердің антифрод-жүйелерін жетілдіруді және олардың алаяқтық операцияларды анықтау мен алдын алудың тиімділігін бағалау мақсатында тәуелсіз аудит жүргізуді көздейді.

Бұдан бөлек кепілсіз тұтынушылық кредит беруді шектеу бойынша қабылданған шаралард несие портфелінің өсуін бәсеңдетуге ықпал еткен: 2025 жылғы тамыздағы 14,6%-дан 2026 жылғы тамыздағы 7,5%-ға дейін шамамен екі есеге азайды.